22 қараша күні сағат 11:20-дағы жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін бірқатар жол қозғалыстары шектелді. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы О.Нұрғалиев айтты.
“22 қараша күні сағат 11:20-дағы жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейінгі(Р-36″ Қостанай-Әулиекөл-Сурған ” 108-218 км), Арқалық қаласынан Ақмола облысына дейінгі (А-16 “Жезқазған-Петропавл” 339-377 км) жолдар жабылды. Қоғамдық және жүк көліктері үшін Әулиекөл – Москалевка (0-52 км), Әулиекөл – Диевка (0-100 км), Әулиекөл -Жалдама (0-257 км), Қарамеңді -Раздольное -Аралкөл (0-128 км) бағыттарына қарай жолға шығуға рұқсат етілмейді. Көліктің барлық түрлері бойынша Рудный-Қашар-Федоров (0-82, 7 км), Қарасу-Б. Чураков (0-114, 1 км), Қойбағор-Қарасу-Севастополь (0-124 км), Қостанай-Введен (8-97 км), Ұзынкөл-Сарыкөл (0-79 км), Сарыкөл-Б. Дубравы (0-56 км) бағыттары шектелді”, – дейді басқарма басшысы.