Құрметті жерлестер!
Сіздерді Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл маңызды оқиғалар мен үлкен жетістіктерге толы болды. Біз бірге өңіріміздің экономикасын нығайтып, инфрақұрылымды дамытып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ауқымды жұмыстар атқардық.
Жаңа жыл — бұл үміттерге, жаңа жоспарлар мен мүмкіндіктерге толы кезең. Сенімдімін, 2025 жылы біз бұдан да биік жетістіктерге жетіп, өңіріміздің өркендеуі мен игілігін одан әрі арттырамыз.
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбастарыңызға амандық пен береке тілеймін. Әр шаңырақта бейбітшілік пен татулық салтанат құрсын, ал Қостанай облысы тұрақтылық пен дамудың үлгісі болып қала берсін.
Құрметпен, Құмар Ақсақалов