Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов – Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшілері

Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов – Қазақстан құрамасы бас бапкерінің көмекшілері

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов бас бапкердің көмекшісі болады.

Нұрбол Жәрдемұлы – Премьер-лигада ең көп матч өткізген футболшы және үздік сұрмергені. Ол 526 кездесуде 167 гол соққан.

2001-2014 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 58 матчқа қатысты.

2021-2023 жылдары Қазақстан жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды.

Қазіргі уақытта Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері қызметін атқарады.

Елдос Ахметов 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. 2024 жылы жастар құрамасының бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып, ал сол жылдың қазан айында ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылды.

Жаңалықтармен бөлісу