Былтырғы маусымда «Тобыл» клубы сапында пас берудің үздігі атанған Ахмед Эль-Мессаудиден хабар ала алмай отырған қостанайлық жанкүйерлер баршылық. Ол жөнінде сарыжасылдардың жанайқайын Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен де айтып отыр.
– «Тобыл» жанкүйерлері хабарласып жатыр. Ахмед Эль-Мессауди соңғы ойындарда көрінбейді. Тіпті жаттығулардан да байқамадық. Өзге командаға ауысып кеткен жоқ па екен дейді. Білетіндер болса коментке жаза кетіңіздер! – деп жазды Ермұхамед Мәулен өзінің телеграм арнасында.
Осылай іздеу салған қазақ фуболының жанашыры кейін Ахмед Эль-Мессаудидің клубта қалатыны жайлы ақпаратын бөлісті:
– Маған жеткен ақпаратқа сәйкес, Ахмед Эль-Мессауди әкесі ауырып, соған байланысты ол үйіне кетіпті. 2-3 күнде «Тобыл» сапына қайта оралуға тиіс. Ол ешқайда ауыспайды. Қостанайлық клуб сапында қалады дейді, – деп жазды журналист.