Науырзымдықтар Халықаралық әйелдер күнін атап өтті

Науырзымдықтар Халықаралық әйелдер күнін атап өтті

Докучаев жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мерекеңмен, аяулы анашым!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. 

Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл кеш аналар мен аруларға деген ерекше құрметтің көрінісіне айналды. Сахна мерекелік безендіріліп, әсем әуенмен басталған шара көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мерекелік кеш барысында Науырзым ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Амангелді Ташбайұлы Тілеубергенов құттықтау сөз сөйлеп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматшаларды облыс және аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапаттады. Сонымен қатар мереке иелеріне құрмет көрсетіліп, аналар мен аруларға гүл шоқтары табысталды.

blank blank blank blank

Концерттік бағдарлама барысында оқушылардың тақпақтары, әсем әндер мен билер орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кештің арнайы қонағы – қазақ эстрадасының танымал әншісі әрі композиторы Ғаділбек Жанай болды. Өнерпаздың шынайы әрі әсерлі әндері мерекелік кештің сәнін келтіріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

blank

Шара соңында ұйымдастырушылар барша аналар мен нәзік жандарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тіледі.