Науырзымда ағыс екпінін түсіру үшін дамбыны бұзуға тура келді (ВИДЕО)

Науырзымда ағыс екпінін түсіру үшін дамбыны бұзуға тура келді (ВИДЕО)

Тасқын судың легі Науырзым ауданын да айналып өткен жоқ. Өткен аптада қызыл су Мереке ауылының тұсынан қайтса, кейін Буревестник, Дәмді ауылдарында ағысын күшейтті. Бұл туралы аудан әкімі Мәди Ихтиляпов хабарлаған еді.

“Ауданда арнайы төтенше жағдайлар штабы құрылды. Бізде екі ауылға қауіп төнді. Буревестник ауылына су кіріп, төрт үйді басып кетті. Судың бағытын бұру үшін екі жерді ашуға тура келді”, – дейді Мәди Өмірзақұлы.

Аудан әкімі су қаупі төнген Дәмді ауылындағы дамбының жолын ашуды тапсырғанын айтады.

“Біз бұл тәуекелге ауылға төнген судың қысымын төмендету үшін бардық. Жағдай жіті бақылауда. Ойымыз дұрыс іске асатын түрі бар. Бұл жаққа аса қауіп төніп тұрған жоқ”, – дейді аудан әкімі.

Жаңалықтармен бөлісу