Науырзым ауданына  60 жыл толды

Науырзым ауданына  60 жыл толды

Бүгін  Науырзым ауданы өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл – туған жерге деген сүйіспеншілік пен тұрғындардың ерен еңбегінің айқын көрінісі. Алпыс жыл ішінде аудан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тұрақты дамып, мектептер мен жолдар салынып, егіс алқаптары ұлғайды.

Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумінің Жарлығымен 1964 жылы 31 желтоқсанда Қазақ ССР Қостанай облысының құрамына жаңа 31-ші аудан енді – ол Науырзым ауданы болатын.

Аудан әкімі Мәди Ихтиляпов мерейтойлық құттықтауында:

“Науырзым ауданының дамуы – тұрғындардың қажырлы еңбегі мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің жемісі. Баршаңызға амандық, тұрақтылық пен жаңа жетістіктер тілеймін,” – деп жылы лебізін білдірді.

Алдағы уақытта мерейтой аясында ауылдарды көркейтуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылмақ.

Науырзым ауданына өркендеу мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Жаңалықтармен бөлісу