Бұл жұмыстар 15-25 ақпан аралығында өтеді. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ПУНКТТІ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.