Ғаббас Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Азат Серікбай дарынын дәлелдеп, зор олжаға кенелді. Ол «Менің бастамам – менің Отаныма» республикалық шығармашылық жобалар байқауында топ жарды.Азат алғашында аталған байқаудың аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған-ды. Наурыз айында сегіз аталым бойынша өткен аудандық сында гимназияның 8-сыныбында оқитын екі бала облысқа жолдама алған. Қостанайдағы байқауда Азаттың жұлдызы жанып, 1-орын иеленді. Ол «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» аталымында озып шықты. Облыстық Білім басқармасының дипломымен, арнаулы сыйлығымен марапатталып, республикалық кезеңнің жоламасын қоржынға басқан.
Тяуда ғана, 26 тамыз күні республикадағы сайыстың қорытындысы шығып, Азаттың 1-орын иеленгені белгілі болды. Ол жеңіп алған ақшалай сыйлық көлемі – 3 000 000 теңге!
Дарынды оқушының жетекшісі – Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжамал Кеңшілік.
