Меңдіқарада күй күмбірледі

Меңдіқарада күй күмбірледі

“Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра” деген керемет тәмсіл бар. Осы тәмсілді ұстанымға айналдырған меңдіқаралықтар аудан орталығында қос ішектен күмбірлетіп күй төкті.

Рухани іс-шара “Күй шеруі” акциясы аясында ұйымдастырылған. Оған ауданға қарасты ауыл-ауылдық округтан жүзге жуық адам қатысты.

Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара 2019 жылдан бастап облыс бойынша тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Аманкелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қаласында өткізілмейді.

— Тасқын су кезінде облысқа қарасты оңтүстік аймақтар айтарлықтай зардап шекті. Олар арнайы ұйымдастырылған дайындықтарға да қатыса алмады. Міне, жерлестерімізде қолдау мақсатында осы жылы домбырашылар шеруі Меңдіқара ауданынан басталып отыр. Бүгін басталған іс-шара жетінші шілде күні Қостанай қаласында Тобыл жағадауында аяқталады. Келелі іс-шараның өтуіне ат салысып отырған аудан-қала әкімдеріне, барша мәдениет басшылары мен қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреміз, — дейді облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы Дамир Қалқаев.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Меңдіқара ауданы

Жаңалықтармен бөлісу