Мемсараптама үш мыңнан астам жобаға оң баға берді

Мемсараптама үш мыңнан астам жобаға оң баға берді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемсараптама 3 мыңнан астам жобаны мақұлдады. Оның  700-ге жуығы ұлттық жобалар.

Мемсараптама орталық аппаратында республикалық кеңес өтті. Жиынға ұйымның республика бойынша барлық филиалдары мен департаменттерінің басшылары қатысты.

Кеңестің мақсаты – 2024 жылдың қорытындысын жасау және «Мемсараптама» РМК жұмыс жүйесін одан әрі дамыту бағытында ұсыныстар әзірлеу.

Кеңес аясында қатысушылар құрылыс саласын дамыту, жобалау және сараптама саласындағы нормативтік реттеу, сондай-ақ құрылыс секторын цифрландыру мәселелерін талқылады. Бас директордың орынбасарлары, орталық аппараттың басқарма және бөлім басшылары баяндама жасады.

Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Мемсараптама»  «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары бойынша 700-ге жуық жобаға қортынды берген. Баяндамаларда өткен жылдың қаңтар айынан бастап міндетті шара ретінде енгізілген қала құрылысы сараптамасы саласындағы нәтижелері де атап өтілді.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «бірыңғай құрылыс порталын» құру және салалық ақпараттық жүйелерді интеграциялау тұжырымдамасы қаралды.

Жаңалықтармен бөлісу