15 Ақпан, 2025
Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Жақын шет елдің екі азаматын Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекараға жақын жерде Денисов ауданында қолға түсірген.

Шекара бұзушылардың облысқа ресми өткізу пункттерінен тыс Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өту үшін келгені анықталды.

Олар Қазақстан республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Ресейден депортацияланды.

Бұл  азаматтар кейіннен елден шығарыла отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтармен бөлісу