Тобыл қаласында спорттың тоғыз түрінен өткен жарысқа облыстың 26 мемлекеттік органынан 500-ден астам қызметкер қатысты.
Арқалық қаласы әкімдігінің командасы 2025 жылғы спартакиаданың жеңімпазы болды. Жалпы командалық есепте Жанкелдин ауданының әкімдігі мен Жітіқара ауданының әкімдігі жүлделі орындарды бөлісті.
Спартакиаданың шешуші ойыны мини-футболдан финалдық ойындар өтті. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алдына жан салмады. 2 орынды Қостанай облысының әкімдігі иеленсе, 3 орын Қарасу ауданының әкімдігіне бұйырды.
Спартакиада жүлдегерлері осы жылдың 10-16 маусымы аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысу үшін облыс құрамасына енгізіледі.
