Майлин ауданы Әйет ауылында тротуар салу жұмыстары қарқын ала түсті

Майлин ауданы Әйет ауылында тротуар салу жұмыстары қарқын ала түсті

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен облыс әкімінің тапсырмаларын, сондай-ақ мемлекеттік абаттандыру бағдарламасын іске асыру аясында Әйет ауылында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Басты мақсат – тұрғындардың елді мекен ішінде қозғалысын ыңғайлы әрі қауіпсіз ету. Жаңа тротуарлар ауыл халқы үшін қолайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Асфальт төсеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 26 миллион 320 мың теңге бөлініп, «СамрукСтройГрупп» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Бұл қаржы Омаров, Республика көшелері мен Республика тұйығында тротуар салуға бағытталған.

– Біз ауылымызда өмір сүру мен еңбек етудің жайлы болуын қалаймыз. Мемлекеттік абаттандыру бағдарламасының арқасында көшелерімізді кезең-кезеңімен ретке келтіріп, жарықтандыру жұмыстарын да жолға қойдық, – деді ауылдық округтің әкімі Ерлан Назарбаев.

Ауылдық округ алдағы уақытта да өзге көшелерді абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Осылайша Әйет ауылы күннен-күнге таза, көрікті әрі заманауи келбетке ие болып келеді.