Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған қоғамдық диалог жалғасып жатыр

Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған қоғамдық диалог жалғасып жатыр

Рудныйда KEGOC АҚ-да конституциялық реформалар тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі болды. Жиынға кәсіпорын өкілдері мен еңбек ұжымының мүшелері қатысты. Кездесу Қостанай облысында ұйымдастырылып, елдің одан әрі дамуына бағытталған бастамаларды талқылау жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды.

            Жиын барысында ұсынылып отырған өзгерістердің мәні түсіндірілді. Бас қосу мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға бағытталып, стратегиялық шешімдер қабылдауда қоғамдық пікірдің маңызды екенін айқындады. Кездесу ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылды. Еңбек ұжымы алдында Жалпыұлттық коалиция мүшесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева және өңірдік коалиция жетекшісі, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов сөз сөйледі.

Екатерина Смышляева өз баяндамасында Конституция мемлекеттің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат болып қала беретінін және қоғамның цифрлық трансформациясы сияқты заманауи сын-қатерлерді ескеретінін атап өтті. Ол жеке деректерді қорғау, жеке және отбасылық құпияға қол сұқпаушылық кепілдіктерін кеңейтуге ерекше назар аударды.

Депутаттың айтуынша, жаңартылған нормалар банк операцияларының құпиясын, салымдарды және электрондық коммуникацияларды қорғаудың құқықтық тетіктерін күшейтеді. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың жеке деректер саласына араласу шегін нақты айқындайды. Бұл азаматтардың құқықтық айқындығын арттырып, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтады.

blank

Алмат Досмұхамедов өз кезегінде коалиция мүшелері үшін еңбек ұжымдарымен тікелей диалог орнату басым бағыт болып қала беретінін айтты. Оның пікірінше, азаматтарды маңызды мемлекеттік үдерістер мен реформалар туралы жан-жақты ақпараттандыру – демократиялық институттарды нығайтудың маңызды бөлігі. Ол халық пікірі кез келген өзгерістерді жүзеге асыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

blank

Кездесу барысында қатысушылар конституциялық бастамаларды іске асыру, цифрлық қауіпсіздік және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Ашық формат барысында қатысушылар пікір білдіріп, өзекті сауалдарға жауап алды.

blank

Өңірлерде ұйымдастырылып жатқан мұндай кездесулер ашық қоғамдық диалогке деген ұмтылысты көрсетеді және Конституцияның елдің әділетті әрі прогрессивті дамуының негізгі тетігі екенін айқындай түседі.

Сандуғаш БЕКМҰРАТ

Суреттерді ұсынған – «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі