Конституция – құқықтық мемлекеттің берік тұғыры

Конституция – құқықтық мемлекеттің берік тұғыры

Рудный индустриялық университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің негізі және азаматтар құқықтарының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдение жайлы айтылды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуының конституциялық негіздері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Негізгі Заңның рөлі туралы ой бөлісті.

Пікір алмасу барысында Конституцияның тек құқықтық құжат қана емес, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің кепілі екені атап өтілді. Қатысушылар заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқықтық сананы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныстар айтылды.

blank

Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, құқықтық мемлекет құру ісінде адамдардың белсенділігі маңызды екенін жеткізді. Қатысушылардың айтуынша, әрбір азамат Конституцияда бекітілген құқықтары мен міндеттерін білу арқылы ғана елдің дамуына үлес қоса алады.

Дөңгелек үстел еркін әрі сындарлы пікір алмасу алаңына айналды. Түрлі көзқарастар мен ұсыныстардың ортаға салынуы қатысушылардың құқықтық тақырыптарға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға үндеді.

Мамандардың пікірінше, осындай танымдық кездесулер құқықтық мәдениетті нығайтуға, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға және азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар қоғамның құқықтық санасын көтеруде маңызды рөл атқара береді.