Интернет – ақпарат алмасудың ең үлкен құралы. Алайда, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстар да қарқын алуда.
Арқалық қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері халықты әрдайым сақ болуға шақырады. алаяқтардың тұтынушыны қаражатынан айыруға мәжбүрлейтін әртүрлі тәсілдері бар.
“Алаяқтықтың тұтынушыны қаражатынан айыруға мәжбүрлейтін әртүрлі тәсілдері бар. Соңғы түрі – жоқ машиналар мен қосалқы бөлшектерді сату. Алаяқтар «Koiesa.kz» және «OLX» әлеуметтік желілерінде автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағадан төмен тартымды бағамен сату туралы жарнамалар орналастырып, онда өздеріне тиесілі емес машиналардың суреттерін қояды. Клиенттер қоңырау шалғаннан кейін, өздерінің басқа қалада екендіктерін және жақын туыстарының шұғыл операциясына ақша қажет болуына байланысты автокөліктің аванстық төлемін немесе толық сомасын талап ететіндігі туралы хабарлайды. Ақшаны алғаннан кейін тұтынушыны бұғаттап, жарнамаларды алып тастайды”, – дейді полиция басқармасының бөлім қызметкерлері.
Соңғы уақытта Арқалық қаласының тұрғындары интернет алаяқтықтың құрбаны болғандарына айтып, жиі шағымдануда. Солардың бірі «Колеса» веб-сайтында арзан бағаға «Рено Логан» автокөлігін сату туралы хабарландыруды көріп, көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, төмен бағаның себебін сұраған. Оған алаяқ жақын туысының ауруханаға түскенін, шұғыл түрде операция жасау керектігін айтыпты. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, ол ұсынған картаға автокөлікке арналған ақшаның бастапқы бөлігін (350 мың теңге көлемінде) аударып жіберген.
Қалада өзін әлеуметтік сала қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар да кездесіп жатыр.
Жуырда Арқалық қаласының бір әйел тұрғынына абоненттік нөмірден қоңырау шалып, өзін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырған. Жәбірленуші 293 мың теңге көлемінде біржолғы балалар жәрдемақысы аударылғанын, бұрындары ХҚКО өтініш білдіргенін, осы мәселе бойынша бас тартылғанын мәлімдейді. Одан кейін жәбірленушіге 1414 нөмірінен код жазылған хабарлама келіп түскен. Біраздан соң ХҚО қызметкері қайта қоңырау шалып, жәбірленушінің «Халық банкінің» карточкалық шоты бұғатталғанын және олардың бір реттік жәрдемақы жіберу үшін оны сот орындаушысының абоненттік нөміріне 43 мың теңге мемлекеттік баж төлеу қажет екенін хабарлайды. Көрсетілген нөмірге қаражат аударғаннан кейін алаяқтар жәбірленушіні бұғаттап, телефондарын өшіріп тастаған.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы