Кафедегі жанжал: Полиция екі қылмыстық іс қозғады

Кафедегі жанжал: Полиция екі қылмыстық іс қозғады

Қостанайдағы ойын-сауық орындарының бірінде келуші мен «пульттік» күзет қызметкерінің арасында жанжал болғаны туралы тәртіп сақшыларына хабарлама келіп түсті. Іс жүргізу барысында кешкі сағат 9 шамасында аталған мекемеге жеті адамның келгенін және олардың үшеуі мас күйінде болғаны анықталды.

Жан-жағына агрессивті түрде жағымсыз қылық көрсеткендіктен, мекеме әкімшісі оларға қызмет көрсетуден бас тартады. Қонақтар мекемеден оңайлықпен кетпейді, кафе қызметкерлері пульттік күзетті шақырады. Келген күзетшілер мен келушілердің бірі арасында қақтығыс болып, 33 жастағы ер адам күзетшілердің біріне дене жарақатын салады. Оның қаруын иемденбек болып, қайта тырысқанда, күзетші ұсақ бытырамен жабдықталған қызметтік карабиннен аяғына оқ атады.

Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК 293- бабының 2-бөлігі бойынша («Бұзақылық»), сондай-ақ ҚР ҚК 252-бабының 2-бөлігі бойынша (“Жеке күзет қызметтері қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану”) бойынша сотқа дейінгі тергеу істері басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, толық жауап алынды. Тиісті сараптамалары да тағайындалды. Алдағы уақытта барлық нәтижелерімен түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Жаңалықтармен бөлісу