Этномедиаторлар – ішкі тұрақтылықтың тетігі

Этномедиаторлар – ішкі тұрақтылықтың тетігі

Еліміз көпұлтты, көпдінді мемлекеттердің бірі. Соған қарамастан ішкі тұрақтылықты сақталып келеді. Ел ішінде ұлтаралық қақтығысты болдырмау, ауызбірлішікті сақтауда этномедиаторлардың алар орны бөлек. Сондықтан олардың жұмысын жетілдіру маңызды.
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кеңесі жыл басынан бері этномедиация бойынша семинарлар өткізіп келеді. Мемлекет басшысы этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау, оқу орталығын ұйымдастыру жөнінде тапсырған болатын. Басты мақсат – екі адамның арасында мәселе туындаған кезде оны сотқа жеткізбей тез әрі келісіммен әділ шешу. Облысымызда Ассамблеяға топтасқан 18 этномәдени бірлестік берекелі бірлікке негізделген игі бастамаларға атсалысып, қоғамдық келісімді сақтап, ұлт бірлігін дәріптеуге үлес қосуда. Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген аталы сөз бар. Сондықтан қоғам мүшелеріне құқықтық тәрбие мен заң талаптарын түсіндіру сынды жұмыстарды ширатуымыз керек. Осы бағытта биыл қалалық ассамблея жанындағы ақпараттық-насихаттық топтың құрамына енген медиаторлар тұрғын алаптарда өткен кездесулерге қатысып, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Елімізде 2011 жылы «Медиация» туралы заң қабылданғалы 5 тамыз республикалық «Медиация» күні ретінде аталып өтуде. Атаулы мерекеге орай, облысымызда түрлі шаралар да өтіп жатыр. ҚХА медиаторларының құқық қорғау қызметіне қатысу бағыттары, ұлтаралық жанжал жағдайлары кезіндегі медиация тәсілдері, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрмыстық негізде жасалған қылмысқа тосқауыл қоюды қарастыруда. Бүгінде облыс аудандарында 13 этномедиация орындары жұмыс  жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кабинетінің «Бірыңғай ашық есік» акциясы апталығы басталды.

Мәрияш ҚАДЫРАЛИНОВА,
Қостанай облысы Қазақстан халқы
Ассамблеясы ғылыми сараптамалық топтың және медиация кеңесінің мүшесі

Жаңалықтармен бөлісу