Елімізде 127 заңсыз қоқыс орны анықталды

Елімізде 127 заңсыз қоқыс орны анықталды

Республика аумағында тұрмыс және құрылыс қалдықтарын, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне қатысты арнайы акция өткізіліп жатыр.

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан.

“Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.  5 488 ортақ пайдаланылатын орын ластанған.  Абаттандыру ережелерін бұзған 13 786 факті анықталды”, – дейді ҚР ІІМ өкілдері.

Жаңалықтармен бөлісу