«Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы аясында Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank-тің серіктестігімен ұйымдастырылып отырған бұл іс-шара бүгінгі ақпарат кеңістігіндегі ең өзекті тақырыптардың біріне – жасанды интеллект пен медиа этикаға арналған.
Қарқынды дамып жатқан технологиялық дәуірде журналистика саласының мамандарына да жаңаша ойлау мен цифрлық сауаттылық қажет.
Осы ретте, семинарға қатысушыларға заманауи медиатехнологияларды, соның ішінде аудио және фотовизуал құралдарын тиімді қолдану, жасанды интеллект платформаларын меңгеру, сондай-ақ этикалық нормалар шеңберінде жұмыс істеу жолдары үйретіледі.
Тренинг барысында қатысушылар SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware секілді визуалды редакторлармен, сондай-ақ Grok, Gemini сынды дерекке негізделген журналистикаға арналған құралдармен танысады.
Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашу, өзінің кәсіби нишасын табу, сапалы және тұрақты контент қалыптастыру сынды практикалық дағдылар да қамтылады. Бұл – болашақта жеке медиажобасын бастауға ниетті журналистер үшін таптырмас мүмкіндік. Семинардың медиа тренері – Бауыржан Гаппаров.
Ол – Түркітілдес журналистер қоры жанынан құрылған Медиа тренерлер мектебінің тәжірибелі дәріскері, қазақ журналистикасында жаңа медианы меңгеруге үндеп жүрген маман.
Тренингке Қостанай облысы мен қаласында қазақ тілінде ақпарат тарататын телеарна, газет-журнал, сайт және радио журналистері қатыса алады.
Қатысу тегін. Алайда, орын саны шектеулі болғандықтан, алдын ала тіркелу қажет. Семинарға қатысып, заманауи медиада бәсекеге қабілетті болғыңыз келсе, мына байланыс нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады: +7 778 878 3408 (WhatsApp).
Жасанды интеллект – болашақ емес, бүгіннің шындығы. Сол болашақты бүгін меңгергіңіз келсе, бұл семинар сіз үшін!