26 июня, 2025
Ертең орталық көшелердегі жол қозғалысы уақытша жабылады

Ертең орталық көшелердегі жол қозғалысы уақытша жабылады

Қостанайдағы «Облыстық прокуратура» аумағында полицияның және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Осыған байланысты Толстой — Алтынсарин, Алтынсарин — Әл- Фараби, Тәуелсіздік — Алтынсарин, Қасымхан — Әл-Фараби көшелерінің қиылысында автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша жабылады.

Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз.

Оқу-жаттығу жұмыстары 2024 жылғы 14 ақпанда сағат 15.00-ге жоспарланып отыр.

Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы