Қостанайдағы “Облыстық прокуратура” аумағында полицияның және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Осыған байланысты Толстой – Алтынсарин, Алтынсарин – Әл- Фараби, Тәуелсіздік – Алтынсарин, Қасымхан – Әл-Фараби көшелерінің қиылысында автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша жабылады.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз.
Оқу-жаттығу жұмыстары 2024 жылғы 14 ақпанда сағат 15.00-ге жоспарланып отыр.
Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы