Кітап оқуды насихаттау – ұлт руханиятына салынған инвестиция

Кітап оқуды насихаттау – ұлт руханиятына салынған инвестиция

Келер жылы Қостанай өңірі авторларының он томдық антологиясы жарық көреді. Биыл соның бес томы баспадан әзірленіп, оқырман қауыммен қауышқалы тұр.

Бұл туралы Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Сәния Серікқызы Қостанай зиялылары мен шығармашылық орта өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырған дөңгелек үстелде қуана жеткізді.

Бұл жоба Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалы мен қазақ тілі қоғамының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Алдағы уақытта Астана мен Түркістан қалаларында өтетін халықаралық конференцияда «Оқы және жең» жобасымен түбегейлі таныстырылмақ.

«Қазір біз кітапханамызда түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Жас мамандарымыз жаңа технологияны меңгеріп, жасанды интеллект құралдарын енгізу жолында жұмыс істеп келеді. Кітапты насихаттаудың жаңа формаларын іздеп, визуалды нұсқалар әзірленді», – деді Сәния Серікқызы.

Жиында ұстаздар қауымы, кітапхана қызметкерлері мен мәдениет саласының белсенділері кітап оқу мәдениетін жандандыру, оқырман санасын тәрбиелеу және жастарды әдебиетке баулу мәселелерін жан-жақты талқылады.

blank blank blank

Қоғамның рухани жаңғыруына тікелей әсер ететін кітап оқу үрдісін дамыту бүгінде өзекті тақырыпқа айналып отырғанын жеткізді. Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айбек ЖҮЗБАЙ