IT- коммуникациялар мен ойын-сауықтан бастап, бизнес пен ғылымға дейін өміріміздің барлық салаларына еніп жатыр. Ол бізге ақпарат алмасуға, процестерді автоматтандыруға және жаңа өнімдер мен қызметтерді жасауға мүмкіндік береді. Компьютер, смартфон, интернет, жасанды интеллект, бұлттық технологиялар және блокчейн – мұның бәрі ІТ- саласының бөлшектері.
Ұлу жылынан не күтеміз?
Тағы бір жыл тарих қойнауына сүңгігелі тұр. Дана халқымыз «Жылдың жаманы жоқ» дейді. Алайда қазақ ұлтының әр жылға тән сипат беретін әдеті бар. Сонымен, келе жатқан Ұлу жылына қандай жорамал жасауымызға болады?
Елімізде әскери борышын өтемеген азаматтарға билет берілмейтін болды
27 жасқа толған әскери борышын өтемеген адамға әскери билет берілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Бос тұрған ғимарат жастар орталығына айналды
Жанкелдин ауданы жастар ресурстық орталығына жаңа ғимарат берілді.
Арқалық жастарының жаңа есімдері анықталды
Арқалық жастарының «Алтын кітабы» жобасы әр салада ерекше жетістіктерден көрініп, республикалық және әлемдік дәрежеде жеңіске жеткен азаматтардың көрсеткіштерін мәлім ету үшін іске асырылып келеді. 2011 жылдан бастау алған жоба тарихында бұл кітапқа Арқалық өңірінің түкпір-түкпірінен 130 жастың есімі еніп отыр.
Өңірде жастар мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Облыста «Қостанай жастары» өңірлік бағдарламасы аясында баспана алуға 85 адамның өтініші мақұлданған. Олардың 53-і өз үйлерін сатып алса, 32-сі қолайлы баспана іздеуде. Қалған қатысушылар төлем қабілеттілігін бағалаудан өтеді. Бұл туралы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында «Отбасы Банк» АҚ директорының орынбасары Абылай Жулаев мәлімдеді.
«Жайдарман-2023»: рудныйлық команда 5 млн теңге жеңіп алды
Астана қаласында өткен Жайдарман ойындарының жоғарғы лигасында «Рудный құрамасы» жүлделі үшінші орын иегері атанып, бес миллион теңге қанжығалады.
Асылым Ахметова: «Стейк қазақтың тағамы»
Асылым Ахметова – әлеуметтік желі оқырмандарын таңдай қақтырған жылқышы қыз. Ауылдағы тіршілік пен өзінің өмірі жайлы бейнежазбалар түсіргенді ұнататын Асылыммен сұхбаттасып көрдік.
Жітіқара жастары форумда үздік атанды
Өңірімізде жастар форумы жылдың нәтижелерін қорытындылап, жаңа жылға жоспар құру үшін дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Жүрегі кең, ниеті бір жандар марапатталды
Біздің қоғамда айналасына көмек беруге дайын, қайырымы мол жастар бар. Оларды еріктілер деп жүрміз. Олардың жүректері кең, ниеттері мен ұстанымдары ортақ. Осы қатарға қосылғысы келетіндер де аз емес. Оны Жастар сарайында өткен «Үздік ерікті – 2023» марапаттау рәсімінен байқадық. Жалпы, бұл марапат «Қостанай облысында еріктілікті ілгерілету және қолдау» жобасы аясында жүзеге асып келеді.