Облыс әкімдігінде өткен кеңес алдымен кадрлық тағайындаулардан басталды. Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының лауазымына Дидар Сапарғалиұлы Тлеубаев тағайындалды.
Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қостанай облысы әкімі өкімінің негізінде Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол білім, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және дін салаларын қадағалайтын болады.
Спорт клубына жаңа басшы тағайындалды
Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлерінің спорт клубы» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Абдуайтов Мылтықбай Жұмабайұлы тағайындалды.
Облыстық дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берілді
ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткердің кандидатурасы қаралды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір активіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы департаментінің жаңа басшысы Алмас Бекішевті таныстырды.
Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына жаңа Бас хатшы сайланды
Астанада Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен құрылтай кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Білім басқармасы басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
Облыстық білім басқармасы басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып Аида Төлендіқызы Хұсаинова тағайындалды.
Қостанайдағы №1 емхананың жаңа бас дәрігері тағайындалды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Қостанай қаласы №1 емханасы бас дәрігерінің міндетін уақытша Жеңіс Қабылов атқаратын болды.
Қалалық ауруханада – жаңа бас дәрігер
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бүгінгі бұйрығымен Қуат Әлмағамбетов Қостанай қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқаратын болды.
Ерлан Жамантаев Qazaqstan Football League президенті болып сайланды
Qazaqstan Football League президенті ретінде Ерлан Жамантаев сайланды. Бұл шешім Лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы отандық маманның кандидатурасын мақұлдады.