Облыстық білім басқармасы басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып Аида Төлендіқызы Хұсаинова тағайындалды.
Аида Төлендіқызы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын “Экономист–ұйымдастырушы” мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын қала кәсіпорындарының бірінде қатардағы есепші болып бастаған.
2002 жылдың желтоқсанында “Қостанай облысының білім департаментінің“ бас маманы болып тағайындалды. 2008 жылдың мамыр айынан бастап “Қостанай облысының білім департаменті” бастығының орынбасары болды. 2010 жылдың шілде айында “Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы” бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2010 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін “Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.