Тобыл-Торғай даласында исі қазаққа аты мәшһүр небір әулие кісілер өткен. Аңызға айналған аруақты адамдардың бірі – Түркебай әулие.
Мәликаның арманы не еді? Әжесі белгілі спортшы туралы естелігін айтты
«Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемипоны, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік акртиса Мәлика Мұхтарова 23 жасында дүние салды» деген суыт хабар тез тарап кетті.
ӨМІРДЕН ӨТКЕНІМЕН, ӨНЕРІ ҚАЛҒАН… (Торғай-Тобыл өңіріне танымал өнерпаз – термеші, күйші Сұлтанбек қажы Молдахметов өмірден озды)
Жаймашуақ жаз басталғанда Арқалық қаласы мен оның маңайындағы елді мекендер тұрғындарының жүрегін сағынышқа бөлеп, көңілдерін ерекше толқытқан керемет концерт өтті. Концерттің ерекшелігі – оған осыдан жарты ғасыр бұрын Қайыңды ауылында құрылған «Аққайың» вокалды-аспапты ансамблінің негізін қалаған өнерпаздардың қатысуы еді.
Белгілі ғалым Сайлау Байзақов дүниеден өтті
Қазақ ғылымы тағы бір жампозынан айырылды. Профессор, экономика ғылымының докторы Сайлау Байзақов өмірден өтті деген суық хабар жетті. Сайлау Байзақұлы 1937 жылдың 12 желтоқсанында Жанкелдин ауданы Қызбел ауылында дүниеге келген. 1961 жылы сол кездегі ҚазМУ-ды бітірген соң кіші ғылыми қызметкер, ассистент (1961-1964), Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің Экономика ғылым-зертеу институтындағы есептеу ортасында аға экономист, бөлім меңгерушісі (1964-1975), институт директорының ғылыми жөніндегі орынбасары (1975-1985), Қазақстан Ғылым Академиясының […]
Демеев кім демесін…
Социалистік Еңбек Ері Жансұлтан Демеев есімін аға буын өкілдері жақсы біледі. Ол туралы кезінде одақтық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде көп жазылды. Өйткені, ол нағыз еңбектің батыры еді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары Социалистік Еңбек Ерінің есімі ұмытылып барады.
Сан қырлы Сейдәзім
Жүз жыл бұрынғы мемлекетімізді құрып, шаңырағын көтерген үркердей үмітті топтың ішінде заңгер-ғалым, аудармашы, публицист, ірі мемлекет қайраткері Сейдәзім Қадырбайдың есімі айрықша. Алғашқы қазақ атты әскер полкын жасақтаған мыңбасы, ту ұстаған аға сардар, ұлттық армиямызды құрған азамат.
Тектіден текті туады
Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, дипломат Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойы. Абайды әлемге танытып, өзі де жер жүзіне кеңінен танымал болған әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің тұяғы әлі аттан түскен жоқ. Айтары бар сұңғыла, ойы терең ғалымның өмірі жол үстінде өтті десек, артық емес. Оны өзі де айтып отырады.
ЕҢБЕГІН ЕЛІ ЕЛЕГЕН Кәкімжан ақсақал 85 жаста
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор кездесу кеш өтті. Кештің басты кейіпкері – Қостанай облысының, Арқалық қаласының, Жангелдин ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Кәкімжан Карбозов.