Белгілі ғалым Сайлау Байзақов дүниеден өтті

Белгілі ғалым Сайлау Байзақов дүниеден өтті

Қазақ ғылымы тағы бір жампозынан айырылды. Профессор, экономика ғылымының докторы Сайлау Байзақов өмірден өтті деген суық хабар жетті.

Сайлау Байзақұлы 1937 жылдың 12 желтоқсанында Жанкелдин ауданы Қызбел ауылында дүниеге келген.

1961 жылы сол кездегі ҚазМУ-ды бітірген соң кіші ғылыми қызметкер, ассистент (1961-1964), Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің Экономика ғылым-зертеу институтындағы есептеу ортасында аға экономист, бөлім меңгерушісі (1964-1975), институт директорының ғылыми жөніндегі орынбасары (1975-1985), Қазақстан Ғылым Академиясының өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының 1-орынбасары (1985-1986), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің ғылыми-технология және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылым-зертеу институтының директоры (1991–1993), «Ұлағат» университетінің проректоры (1993–1994) және осы университеттің Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры (1998–2000), Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі (1994–1995), Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның бас басқармасы бастығының орынбасары (1995–1996), Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау институтының ректоры (1996–1998) болды.

2000 жылдан Қарағанды экономикалық университетінің Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры қызметін атқарады.

С.Байзақов 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

«Қостанай» таңы» газетінің ұжымы марқұмның орны толмас қазасына қайғыра отырып, туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтады.

Жаңалықтармен бөлісу