Аталған федерацияның шәкірттері биыл көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Шымкент, Жамбыл өңірлерінен олжалы оралды. “Тобыл-Торғай тарландары” Қостанайда да қаншама жарыстар өткізді. Мәселен, қазақ күресінен 2009-2010 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Ұлы ұстаз – Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты.
Облыс орталығында екі жыл бұрын ашылған федерацияның құрамы бүгінде айтарлықтай қалыптасып қалды. Балаларды күрес әліппесіне баулитын 43 жаттықтырушының төртеуі жоғары дәрежедегі мамандар. Бұған дейін федерация тоғыз бірдей жаттығу жиындарын өткізіп үлгерді.
Онда спортқа талабы бар жеткеншектерге үнемі есік ашық. Қостанай қаласында мұз айдыны орналасқан Юбилейный 66 келулеріңізге болады.
Үйірмеге қатысушыларға барлық жағдай бар. Федерация мына төменде көрсетілген заманауи құра-жабдықтармен жарақталған.
Облыс басшылығының осы жасап отырған жағдайларының, бапкерлерінің біліктілігінің арқасында көрсеткіштер анағұрлым жақсарды.
Бұл көрсеткіштердің өсуіне күрес федерациясын қолдап келе жатқан демеушілердің септігі зор.