Биылғы жаз Қостанай ауданында жағымды жаңалықтармен басталып отыр. Ауданға қарасты Александров ауылында ұзындығы 44 шақырымдық су құбыры желісі тартылып, жаңа нысан бүгін салтанатты түрде іске қосылды.
Арқалық-Жарқайың тас жолы жөнделіп жатыр
Арқалық – Жарқайың бағытындағы тас жолды қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Бүгінге дейін белгіленген учаскенің он шақырымға жуығы жөнделді.
Жітіқара ауданында күрмеулі мәселелер шешімін таппақ
Жітіқарадағы аудандық аурухана өңіраралық емдеу орталығына айналмақ. Бұл жобаны іске асыру осы жылдан басталады. Сондай-ақ, жергілікті жұртты алаңдатып отырған экологиялық мәселелер биыл толық шешімін табады. Осы және басқа да жоспар-жобалар туралы аудан әкімі Нұржан Өтегенов мәлімет берді. Аурухана ауқымы кеңейеді Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында елдегі 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді […]
Табыстың кілті еңбекте
Отандық тауар өндірушілер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әсте ұмытқан емес. Мәселен, Федоров ауданындағы «Тұрар» ЖШС құрылғалы бергі ширек ғасырда ауылды дамытуға күш жұмсап келеді. Күні кеше серіктестік басшысы шағын ғана Камысты шаңдағы ауылына балалардың ойын алаңын сыйға тартты.
Облыс әкімінің кездесуі Амангелді ауданында жалғасты
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Амангелді ауданының халқымен кездесті. Тасты ауылындағы жүздесуде аудан әкімі Талғат Карбозов елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасады.
Интернетсіз ауылдар азаяды
Ұялы байланысы жоқ ауылдардың мәселесі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында шешілмек.
Лисаковта заманауи спорт кешені салынады
Лисаков қаласында бұқаралық спортты дамытуға жақсы көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, мұнда ашылған спорт кешендерінің барлығы дерлік жекеменшік кәсіпорындардың қарамағында. Қала халқы дене шынықтыру ошақтарының тегін әрі қолжетімді болғанын қалайды. Алдағы уақытта тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына жол ашатын заманауи спорт кешені салынбақ.
Өнер мектебінің бишілері концерт берді
Жанкелдин ауданы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің би бөлімі жылды қорытындылап «Bile-Bile» атты есеп беру концертін берді. Мың бұралған биші қыздарымыздың өнерін тамашалауға келген өнер сүйер қауым көрермендер залына лық толды.
Аманкелді ауданында жасөспірімдер арасында суда жүзуден жарыс өтті
Аманкелді аудандағы Ақтұрсын Омарұлы атындағы балалар мен ересектерге арналған жабық бассейн мен спорттық-сауықтыру кешенінде жарыс өткізілді. Жарыс 2008-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында суда жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Фариза Балғатайқызының жүлдесіне арналған.
Аймақ басшысы Биағаң елінде
Бейімбет Майлин ауданында 6 мың тонналық картоп-көкөніс қоймасының құрылыс жұмысы басталды. «GreenTerra» ЖШС қолға алған ірі жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңге. Кешен ғимараты Германия мен Нидерланды технологиясымен жабдықталады. Өнімнің бірқалыпты сақталуы үшін желдеткіш орнатылып, климат-бақылау жасалмақ. Қоймаға 135 га аумақтың картобы сыйып кетеді. Құрылыс жұмыстары жаздың соңында аяқталады деп күтілуде. Серіктестіктің әлі де жүзеге […]
