Қыста малдың жұтамауы үшін жем-шөп мәселесі өте маңызды. Облыста күні бүгін төрт түлікке қажетті 1 млн 097,6 мың тонна шөп әзірленді. Оның 549,9 мың тоннасы ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі.
Арқалықтағы Ержановтар отбасы бизнесте ел нарығына шығуды көздейді
Биылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасымен жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% — пен 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріле бастады.
Аманкелдіде әлеуметтік сала мен қоғамдық жұмыстарға сұраныс артып келеді
Елімізде осы айдан бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары қайта құрылымдалды. Нақтырақ айтқанда, мемлекетімізде «Әлеуметтік кодекстің» күшіне енуіне орай жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек мобильдігі» орталықтары болып қайта құрылды.
Меңдіқаралықтар қазандықты жаңа әдіспен жылытуды қолға алып жатыр
Меңдіқара ауданындағы орталық қазандық қайта жаңғыртылады. Былтыр пәтерлердегі жылу температурасының төмендігіне тұрғындардан шағым түскен. Өйткені, бұл қазандықтар мемлекеттік мекемелермен бірге орталықтағы 16 көп қабатты тұрғын үйді жылытып келген.
Облыс әкімі ұзынкөлдік тауар өндірушілермен кездесті
Биыл Ұзынкөл ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
ЖҰМЫСЫ ЖЕМІСТІ, ЕҢБЕГІ КЕЛІСТІ
Арқалық десе «Алюминстрой» ЖШС ойға оралады. Бастауын өткен ғасырдың елу алтыншы жылдарынан бастаған ірі кәсіпорын бүгінде Торғай өңірінде ғана емес, бүкіл республикадағы жетекші компаниялардың бірі.
Спартакиада аясында сарыкөлдіктер марапатқа кенелді
Ауыл стадионы түрлі-түске боянып, көздің жауын алатындай етіп безендірілген. Алаңда спортшылар сап түзеп, туған жер, Отан, достық пен жастық шақ жайында ән шырқап барады. Бұл Сарыкөл ауданының 95 жылдығына арналған жазғы спартакиадаға дайындықтың айнымас нышаны еді.
Арқалықта жаңа жобалар қолға алынғалы жатыр
Арқалық туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп жазылды, көрсетілді. Бірі шағын қаланың сәл ғана табысына қуанып, ертеңіне үміт артты. Енді бірі болмашы нәрседен ілік іздеп, жұрттың берекесін алды. Біз мұның соңғысына қосылмаймыз. Өзіміз көзбен көріп, көңілге түйгенді қойын дәптерімізге түртіп алдық.
Өнерлі балалар байқаудың шырайын келтірді
«Dan-Аs» шығармашылық үйірмесінің кескіндеме, сурет салу бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, шәкірттерінің қатысуымен «Балалар арманы» атты тас жолға сурет салу сайысы өтті.
Аманкелдіде жастар күні атап өтілді
Халықаралық жастар күніне орай Аманкелді ауданыда бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.
