Өңірлік жедел штабта төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі әзірленіп жатыр. Аймақтың барлық су қоймаларында су деңгейі сағат сайын өлшеніп отыр. Бүгінде облыстағы су қоймалары 90-100%-ке толған.
Облыстың оңтүстік өңірлеріндегі елді мекендер екі аптадан бері жарықсыз отыр (ВИДЕО)
Алапат тасқын салдары тұрғындарды электр қуатынан да айырды. Қазір Аманкелді және Жанкелдин аудандарының бірнеше ауылында әлі күнге дейін жарық жоқ.
Торғайға тасқынның қайта қауіп төндіргені туралы видеоға қатысты аудан әкімдігі пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Жанкелдин ауданындағы Тәуіш ауылына Қоңыраулыдан су келіп жатқаны туралы видео тарады. Әуесқой түсірілім авторы бөгеттің төрт жерден бұзылып кеткенін, ауылға қауіп төндіріп тұрғанын айтады.
Мәжіліс депутаты Екатерина Сымшляева Қостанайға іссапармен келді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева жұмыс кестесін Amanat партиясының облыстық филиалы кеңсесінде бастады. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесіп, кейін тұрғындарды қабылдады.
Геннадий Шиповских: «Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ел хабардар болуы керек»
Бүгін Қостанайға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских келді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр
Ол үшін шығынды өтеу жөніндегі комиссиялар құрылды. Оңтүстік өңірлердің тұрғындарынан залалды өтеуге 307 өтініш қабылданды. Келтірілген шығынды бағалау бойынша жұмыстар басталып кетті. Тұрғындарға тиісті жадынамалар мен құжаттардың үлгілері таратылды.
Су басқан аумақтағы халықтың жалақысы сақталады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмыссыздардың білім деңгейі мен жасына қарай субсидияланатын жұмыс орындарының қазір 6 түрі іске асырылып жатыр. Төтенше жағдай жарияланған аудандар мен қалалардағы осы субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан қазақстандықтардың жалақысы өзгеріссіз қалатын болды.
Қарағандылық құтқарушылар көмекке келді
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Солтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысына апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында көмекке келді.
Қостанай облысында су тасқынының шарықтау шегі өтті
Бүгін Каратомар су қоймасынан судың ағу жылдамдығы секундына 1950 текше метрге дейін төмендеді. Жоғарғы Тобыл мен Желқуар су қоймалары да бақылауда.
Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке келе жатыр
Өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару қызметінің өкілдері Қостанайға бағыт алды. 56 қызметкерден құралған жедел топ авариялық-құтқару шұғыл жұмыстарын жүргізу үшін Ұлттық ұланның авиабортымен әуеге көтерілді.