ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмыссыздардың білім деңгейі мен жасына қарай субсидияланатын жұмыс орындарының қазір 6 түрі іске асырылып жатыр. Төтенше жағдай жарияланған аудандар мен қалалардағы осы субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан қазақстандықтардың жалақысы өзгеріссіз қалатын болды.
Олар қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары.
Төтенше жағдай кезеңінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз адамдардың жалақысын еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушілерден мәліметтерді талап етпей төлейтін болады.
Мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары қаралады. 2024 жылғы кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап қаржыландыру мерзімінің соңына дейін кейінгі төлемдерге біркелкі үлестермен бөлінетін болады.
Бұған дейін хабарланғандай, елдегі су тасқыны жағдайына байланысты жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдерді қабылдаудың бірінші легінің мерзімдері кейінге шегерілді. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы халыққа қосымша хабарланады. Биыл республика бойынша 9000 грант беру жоспарланып отыр. Ал жастарға жеңілдетілген микрокредит беру бағдарламасы бойынша қарыз алып, қазір су тасқынынан зардап шеккендерге осы микрокредиттер бойынша төлемдері кейінге қалдырылады.
Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15009752.