Қостанай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді
Басты жаңалықтар, Төтенше жағдай

Қостанай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

Қостанай ауданы әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 4 шешімімен, аудан аумағында қалыптасқан гидрологиялық жағдайға байланысты, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Толығырақ
“Эвакуацияға дайындалыңыздар!” Қостанайлықтарға ескерту жарияланды
Басты жаңалықтар, Төтенше жағдай

“Эвакуацияға дайындалыңыздар!” Қостанайлықтарға ескерту жарияланды

Қостанай қаласының тасқынға қарсы жедел штабының мәліметінше, Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуына байланысты, жағдай ушығып барады. Сондықтан тұрғындардан қауіпсіз жерлерге көшуге дайындалып отыру сұралады.

Толығырақ
Қаратомардан келген ағын су екпіні күшейе түссе, Тобыл кемерінен асуы мүмкін
Төтенше жағдай

Қаратомардан келген ағын су екпіні күшейе түссе, Тобыл кемерінен асуы мүмкін

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, Қаратомар су торабынан секундына 1000 текше метрмен Қостанай қаласына қарай Сергеев және одан әрі Аманкелді су қоймасы тізбегімен транзиттік су ағызу жүзеге асырылды.

Толығырақ
Тобыл қаласындағы шеткі көшелерде алдын ала эвакуациялау амалдары жүріп жатыр
Тобыл-Торғай тынысы, Төтенше жағдай

Тобыл қаласындағы шеткі көшелерде алдын ала эвакуациялау амалдары жүріп жатыр

Қостанай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар бір сәтке кідіріс табар емес. Әсіресе, Тобыл қаласындағы алдын алу шараларына жергілікті атқарушы органдар қызу кіріскен. Өйткені бұл қаланы облыс орталығымен бөліп жатқан Тобыл өзенінің деңгейі біртіндеп көтеріліп келе жатыр.

Толығырақ
Облыстық маңызы бар жолды екі жерден су басты
Төтенше жағдай

Облыстық маңызы бар жолды екі жерден су басты

Бүгін, 5 сәуірде сағат 09:00 шамасында «Қарабұтақ-Комсомольский-Денисов-Рудный-Қостанай» тас жолының 253-ші және 254-ші шақырымында Тобыл өзенінің тасуы және РФ жағынан үлкен көлемде судың келуі салдарынан жол бөлігін екі жақтан су алды.

Толығырақ
Жағдай жіті бақылауда тұр (ВИДЕО)
Төтенше жағдай, Қостанай ақпарат

Жағдай жіті бақылауда тұр (ВИДЕО)

Кешелі бері Тобыл өзенің деңгейі біршама көтерілді. Ресей жақтан келіп жатқан су жағдайды одан әрі ушықтыра түскен. Дегенмен,  төтеден киліккен “тілсіз жауға” төтеп беруге тиісті мекеме мамандары тас-түйін әзір.

Толығырақ