Қаратомардан келген ағын су екпіні күшейе түссе, Тобыл кемерінен асуы мүмкін

Қаратомардан келген ағын су екпіні күшейе түссе, Тобыл кемерінен асуы мүмкін

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, Қаратомар су торабынан секундына 1000 текше метрмен Қостанай қаласына қарай Сергеев және одан әрі Аманкелді су қоймасы тізбегімен транзиттік су ағызу жүзеге асырылды.Ағызылатын су көлемі секундына 1500 текше метр және одан көп болса, Тобыл арнасы жағалаудан шығып кетуі мүмкін.

Облыс әкіміндігі өкілдері су басу қаупіне байланысты Қостанай, Тобыл қалаларының шет аумақтарындағы тұрғындарға, саяжай қоғамдарына, тұрғын алаптарына, сауда-ойын-сауық орталығына, демалыс базасына және т. б. уәкілетті құрылымдардың арнайы нұсқаулықтарды орындау және эвакуация шарасын қолдану қажет екенін ескертеді.

Жаңалықтармен бөлісу