Педагогтерді даярлау сапасы, мұғалімдерді қолдау және жастардың кәсіби құзыреттілігін дамыту «Әділет» партиясы өкілдерінің Қостанайдағы білім беру саласы қызметкерлерімен кездесуінің басты тақырыбы болды.
Қостанай педагогикалық колледжінде сайлауалды штаб мүшелері Татьяна Булгацевич, Сания Безаубек және Нұрлан Ырғызбаев педагогтермен әрі студенттермен партияның білім беру саласындағы сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін талқылады.

Назар аударылған басты мәселелер – болашақ мұғалімдерді даярлау, педагогтардың кәсіби дамуы және заманауи білім беру технологияларын енгізу. Кездесуге қатысушылар білім сапасы педагогтің қаншалықты жақсы дайындалғанына және оның кәсіби өсуі үшін қандай мүмкіндіктер жасалғанына тікелей байланысты екенін атап өтті.
«Әділет» партиясы бағдарламасының басымдықтары қатарында – мамандарды даярлау сапасын арттыру, жастардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтарды қолдау және заманауи білім беру тәсілдерін қолдануға жағдай жасау бар.

«Сапалы білім беру мұғалімге деген құрметтен және педагог өзін-өзі дамыта алатын, ал студент өз қабілеттерін аша алатын жағдай жасаудан басталады. Білімге салынған инвестиция – бұл ел болашағына салынған инвестиция», – деп атап өтті Татьяна Булгацевич.
Осы мәселелерді талқылау партияның сайлаушылармен ауқымды жұмысының бір бөлігіне айналды. «Есіктен есікке» акциясы аясында партиялықтар еліміздің барлық қалалары мен аудандарында кездесулер өткізіп, азаматтардың өмірі мен өңірлердің дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді талқылай отырып, 1 640,7 мың адамды қамтыды. Осындай бағыттардың бірі – білім беру. Сұранысқа ие мамандарды даярлау, педагогтың мәртебесі мен кәсіби әлеуетін арттыру, сондай-ақ жастар үшін мүмкіндіктерді кеңейту елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұзақ мерзімді маңызға ие.
«Әділет» партиясында мықты білім беру жүйесі мықты педагогтен басталатынын баса айтады. Сондықтан мұғалімдер мен студенттердің кәсіби біліміне, дағдыларына және дамуына салынған инвестициялар Қазақстанның адам әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігіне қосылған үлес ретінде қарастырылады.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
