ART BAZAR – өнер жаршысы 

ART BAZAR – өнер жаршысы 

Қостанай қаласының Сити-орталығында дәстүрлі ART BAZAR қолөнер бұйымдарының көрмесі жалғасуда.

Көрмеге жергілікті шеберлердің авторлық жұмыстары, қолдан жасалған бұйымдар қойылған. Сауда сөрелеріндегі заттарды тамашалауға, ұнатсаңыз сатып алуға болады. Мұндай бастамалар отандық өндірістің «екінші тынысын» ашуға шабыт берері сөзсіз.

blank blank

Біздің назарымызды жергілікті етікшінің бұйымдары жаулады. Қолөнер шеберімен жақын танысып, аз-кем әңгімелестік. Алтынсарин ауданы Обаған ауылынан келген екен. Етік тігумен айналысып жатқанына 4-5 жылдың көлемі болыпты.

blank

«Шымкенттің «Тұран» деген фирмасынан сиыр терісін, Талдықорғанның Текелі деген жерінен қой терісін аламын. Етік тігу технологиясын Талдықорғанның Көксу ауданында тұрып жатқан қандастардан үйрендім. Үш-төрт айдың ішінде меңгеріп алдым. Тәуекелге бел байлап жеке кәсібімді бастап кеттім», — деді етікші Қуандық Сейдахметов.

Бүгінде етікті тапсырыспен ғана тігеді. Бағалары әртүрлі. 30 мыңнан басталып көтеріле береді. Ерлер мен әйелдерге арналған етіктердің сан түрін дайындап қойыпты. Балаларға арнап әлі жасап көрмеген.

blank blank blank blank

Шебердің тұрақты тұтынушылары бар. Сұраушының талғамына сай әзірлеп береді. Қазіргі кейбір өндірушілер етіктерге жасанды аң терісін қолданатын көрінеді. Сондықтан қыстың күні аязда аяқтың басы тоңады. Табаныңыз жылы, көңіліңіз жайлы болсын десеңіз отандық өнімді тұтынуға шақырамыз!

ART BAZAR көрмесі екі күн бойы жұмыс істейді.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді түсірген Василий ВАСИЛЬЕВ