Ережеп айы басталды

Ережеп айы басталды

Ережеп – рухани дайындық айы. Нәфіл оразалар ұстап, берекелі Рамазанға әзірлік айы. Бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылады, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады.

Ғалымдардың бірі:

«Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбан айында суарылмаса, Рамазан айында одан қандай егін күтуге болады» деген екен.

“Қымбатты бауырлар! Сондықтан ережеп айын барынша пайдалы өткізіп, дұға етіп, ізгі істер жасап қалуға тырысайық. Алла Тағала баршамызға Ережеп айының игілігі мен берекесін нәсіп етсін!”, – деп Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтармен бөлісу