Бүгін қостанайлықтар шорт-тректен IX Азия ойындарының жеңімпазы Глеб Ивченконы әуежайдан күтіп алды.
Арқалықта спорт ардагерінің құрметіне теннистен жарыс өтті
Арқалықта еңбек және спорт ардагері Жалбыр Молдрахметовтің 73 жасқа толуына арналып теннистен қалалық турнир өтті.
Эльмира Сыздықова 2025 жылғы үшінші жарысында топ жарды
Күрестен Қазақстан әйелдер командасы Минск қаласында (Беларусь) өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведтің құрметіне арналған дәстүрлі халықаралық турнирге қатысты.
Қостанай облысының дзюдошылары ел чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
21 жасқа дейінгі жастар арасында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатының қорытындысы бойынша Қостанай облысы жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.
Жерлестеріміз қола жүлдегер: тартысты бәсеке алда
Бүгін шаңғы жарысынан IX Азия ойындарының қола жүлдегерлері Наиль Башмаков пен Владислав Ковалев елге оралды. Оларды қостанайлықтар құшақ жая әуежайдан күтіп алды.
Торғайлық ағайынды балуандар Қазақстан чемпионы атанды
Тараз қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Осы жарыста Қостанай облысы командасы сапында бәсекеге түскен ағайынды қос балуан жеңіс тұғырынан көрінді.
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Шешуші матчтың есебі: 3-0.
Меңдіқара ауданының құт қонған ауылында спорт нысандары іске қосылды
Меңдіқара ауданының маңдайалды елді мекенінің бірі – Харьков ауылы. Бұл ауылдың ырыс-берекесін арттырып, ырыздығын еселеп отырған қамба толы дән де, төскей толы мал да көктен түскен жоқ. Барлығы табанды еңбек пен маңдай тердің арқасында келген игілік. Еңбекпен даңқы шыққан ауылдың сырт келбеті жыл өткен сайын ажарланып келеді.
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалында ойнайды
Бүгін Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден біздің ерлер құрамамыз жартылай финалда жарыс қожайыны Қытайды тағы қапы қалдырды.
Облыс әкімі Азия ойындарында жүлделі болған жерлестерімізді құттықтады
Ерлер арасындағы шаңғыдан Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған болатын. Өңір басшысы ел құрамасы мен онда өнер көрсететін жерлестеріміз Наиль Башмаков пен Владислав Ковалевке құттықтауын жеткізді.