Бүгін қостанайлықтар шорт-тректен IX Азия ойындарының жеңімпазы Глеб Ивченконы әуежайдан күтіп алды.
Глеб 5000 метрлік эстафетада жеңіске жеткен Қазақстанның ерлер командасы құрамында өнер көрсеткен болатын.
“Өткен Азия ойындарында Қазақстан шорт-тректен бір ғана қоланы жеңіп алса, Харбинде команда үш бірдей жүлде ұтып алдық. Соның ішінде алтынды да иелендік. Сол үшін қолдау көрсеткен бапкелерімізге алғысымыз шексіз”, – дейді ол қуанышын жасыра алмай.
Айта кетейік, аталмыш ойындарда Қазақстан тарихында алғаш рет шорт-тректен алтын медалін жеңіп алды.
Азия ойындарын аяқтаған соң Қазақстан құрамасы Әлем Кубогіне қатысу үшін Италияға аттанды. Онда да Қазақстан Республикасы құрамасының құрамында Ивченко Глеб 5000 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды.
Глебтің құрамада өнер көрсетіп келе жатқанына биыл үшінші жыл. Жалпы шорттеркпен он бір жасынан айналысқан.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Балауса Жүніс