Қостанай облысының дзюдошылары ел чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Қостанай облысының дзюдошылары ел чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

21 жасқа дейінгі жастар арасында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатының қорытындысы бойынша Қостанай облысы жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.

 

 Спортшыларымыз 3 алтын медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, Мағжан Әлжанов  66 келіде,  Досбол Балғабай 81 келіде, Ардақ Серіков  100 келіден жоғары салмақта ел чемпионы атанды.