Арқалықта ойын алаңы ашылды

Арқалықта ойын алаңы ашылды

Көпшілікке көңілді демалыс сыйлаған қаланың орталық «Демалыс саябағында» балаларға арналған тағы бір ойын алаңы ашылды.

Балақайлардың қуанышын арттырған автодромның салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов құттықтау сөз сөйлеп, саябақты абаттандыру жұмыстары одан әрі жалғаса беретінін жеткізді.

blankЖаңа карусель 2050 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен салынып отыр.

blank blank blank blank blank blank Көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері Айжан Бейсенбекқызы мен А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның үздік оқушысы, қазақ тілі пәні мен «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы Ернар Айдосұлы кермесін қиды.

blank blank blank «Автодром» ойын алаңының 10 ойын машинасы бар. Ақылы қызмет түріне үш жасқа толмаған бүлдіршіндермен он жастан асқан бір ересек адамның бірге серуендеуіне болады.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы