Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының бесінші турында Қостанайдың “Тобылы” елорданың “Астана” командасын қабылдады. Бұл кездесу жерлестеріміз үшін сәтсіз аяқталды.
Спорт басқармасында жаңа басшы
Дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен “Қостанай қыраны” атағының иегері, Азия чемпионы. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұрат Кинтонов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қостанайда үстел теннисінен облыстық турнир басталды
Дамуында ерекшеліктері бар спортшылар арасында үстел теннисінен облыстық турнир басталды.
Алғашқы тең ойын
Футболдан Olimpbet Қазақстан чемпионатының төртінші турында Қостанайдың “Тобылы” талдықорғандық “Жетісу” командасымен сырт алаңда кездесті. Сары-жасылдар ойынның алғашқы минуттарын сәтті бастады. Қарсыластардың айып алаңын торуылдаумен болды. Кездесудің сегізінші минутында діттеген мақсатына жетті. Бұрыштама добын көтерген команда капитаны Серікжан Мужыковтың пасына дер кезінде жеткен алтыншы номердегі қорғаушы Иован Илич шамамен он бес метрдей қашықтықта қақпаны дәл көздеді. […]
Боксшыға ақшалай сыйлық табыс етті
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.Мұхаметқалиевтің бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Рябецпен (Нью-Дели, Үндістан) және жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Ринат Зәкиұлы бапкер Роман Иванович Миничкин мен Надежда Рябецке жоғары спорттық жетістіктері үшін алғыс айтып, 500 мың теңгенің ақшалай сертификатын табыс етті.
“Тобыл” жаңа қорғаушымен толықты
Ол сербиялық “Цревный Звезданың” түлегі — Иван Рогач.
Қостанайлық боксшы қыз әлем чемпионатынан қола медальмен оралды
Үндістанның Дели қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатынан жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдемен оралды. Қостанай темір жол вокзалынан жүлдегерді жанкүйерлер, боксшының туған-туыстары мен достары, спорт басқармасының өкілдері қарсы алды.
Ел үмітін ақтады
Үнді елінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жерлесіміз Надежда Рябец қола жүлдеге қол жеткізді. Ақтық сынға жолдама алар сәтте төрешілердің өзара келісімі бойынша қытай атлетіне жол берді. Бұлай айтуымыздың себебі, Надежда қарсыласынан екі раунд бойы басым түсті.
Ағайындылар зор олжамен оралды
Таяуда Сербия елінде ММА-дан әлем чемпионаты өткен еді. Дүниежүзінің алпыс елінен жекпе-жекшілер қатысқан айтулы додаға Жітіқара ауданынан барған ағайынды Ыдырысовтар олжалы келді. Ыдырыс ( атасымен аттас екен) 68,5 келідегі қарсыластарының арасында үздік деп танылды. Алтын медальді еншілеген бауырының жолын Шыңғыс қола жүлдемен түйіндеді.
Жастарға зор үміт артылады
Кеше ғана “Тобыл” футбол командасының қатары өз түлектері Бейбіт Ғалым мен Бекзат Ермекбаевпен толыққан болатын. Маусым басталар тұста сол жігерлі жастарымыздың бірі Бекзатпен әңгіменің орайы келді.