Кеше ғана “Тобыл” футбол командасының қатары өз түлектері Бейбіт Ғалым мен Бекзат Ермекбаевпен толыққан болатын. Маусым басталар тұста сол жігерлі жастарымыздың бірі Бекзатпен әңгіменің орайы келді.
– Бекзат, соңғы екі-үш жылдың айналасында “Тобыл” футбол командасының жастар құрамынан жасындай жарқылдап көзге түсіп келесің. Негізгі құрамнан орын алса деуші едік. Соның сәті биыл түсіп жатыр екен. Ұзағынан болсын! Жағдай түсінікті болу үшін әңгімені басынан бастасақ. Үлкен футболға келуіңе әуелде не түрткі болды?
– Рақмет! Ең алғаш рет 5-6 жасымда ата-анам мені футбол үйірмесіне әкелді. Ол кезде ештеңені армандап үлгірмеген, буыны қатая қоймаған бала болдым. Биіктен көрінеріме зор сенім білдірсе керек, сол кісілердің қалауымен әуелі жергілікті спорт мектебіне алындым. Кейін мектепішілік, аудандық, қалалық жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтай бастадым. Бүгінде арманым орындалып, “Тобыл” футбол клубының қатарына кіріп отырмын. Алғашқы бапкерім — облысқа еңбегі сіңген жаттықтырушы Сергей Масленовпен жолымыз тағы түйісті. Жастар құрамында алдыңғы шепте өнер көрсетуіме көп ықпал етті. Сол жинаған сабақ шеберлікке ұласа берсе деймін. Негізгі құрамнан орын тапқаныма аса қуаныштымын. Біріншіден спортқа әкелген ата-анамның, екіншіден бапкерлерімнің үмітін ақтау жолында күресіп келемін.
– Оқу-жаттығу жиынында өзің секілді жастар құрамынан келген ойыншылар жақсы ойын өрнегін көрсетті, тіпті тәжірибелі ойыншылардан асып түспесе, кем болған жоқ. Әйгілі мәскеулік “Спартак” командасының жастарын ойсырата ұтуы осы сөзімізге дәлел. Сол ойында негізгі құрамнан бірлі жарым футболшы ғана өнер көрсетті. Осының сыры неде?
– Бас командамен екі рет жаттығу жиындарынан өттік. Бірінші күннен бастап тәжірибелі ойыншылар мен бапкерлер штабы бізге үлкен қолдау көрсетті. Күн сайын екі мәрте дайындық жасадық. Бір сөзбен айтқанда, ерік-жігерімізді жанып, өзімізді олардың алдында тәртіпке бейімделген сарбаз ретінде ұстауға тырыстық. Басында физикалық дайындығымызды арттыра түстік. Ал, «Спартак» жастар командасымен болған ойынға келсек, бапкеріміз жастарға көп мүмкіндік берді. Былайша айтқанда, жастарға жастар қарсы шықты. Негізгі құрамнан атсалысқан жігіттер де шынайы жігер беріп, соның арқасында ресейліктерді ойсырата ұттық.
– Иә, сен сол ойындарда екі рет көзге түстің. Команданың бас бапкері жастардың көптеп шығуына назар аударып жүргенін айтып жатырсың.
– Иә, бас бапкер жергілікті жастарға көп үміт артады. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Енді тек соны жүзеге асыру қажет.
– Дайындық барысы діттеген ойларыңыздан шығып жатыр екен. Биыл “Тобылдан” не күтеміз?
– Қостанайлық команда жыл сайын өз алдына жоғары мақсаттар қойып , зор міндет жүктейді. Биыл да сол мақсат сақталады деген пікірдемін. Оқу-жаттығу жиындарындағы өткен ойындардың нәтижесі осының дәлелі.
– Әңгімеңізге рақмет, “Тобылдан” тек жеңіс күтейік!

Сұхбаттасқан Айбек Жүзбай