«Шебердің қолы ортақ»: үздік қолөнершілер анықталды
Байқаулар, Басты жаңалықтар, Шебердің қолы ортақ

«Шебердің қолы ортақ»: үздік қолөнершілер анықталды

«Қостанай таңы» газеті тұсауын кескен тағы бір жоба аяқталды. «Шебердің қолы ортақ» облыстық қолөнершілер байқауы Ұлыстың ұлы күніне орай жарияланған еді. Ұлт өнерінің дамуына үлес қосып жүрген шеберлер ең таңдаулы жұмыстарын сынға салды. Нәтижесінде үзіктері анықталып, жүлдегер атанды.

Толығырақ
Ұлттық нақышпен жасалған сөмкелер
Байқаулар, Шебердің қолы ортақ

Ұлттық нақышпен жасалған сөмкелер

“Шебердің қолы ортақ” байқауының кезекті қатысушысы – Ғалия. Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны мектеп жасынан тігінмен, тоқымамен айналысады. Ол көрпе-жастық, сөмке, дорба және тойбастар материалдарын тігеді. Бүгін байқауға ұлттық нақышта жасалған сөмкелерін ұсынып отыр. Қазақтың ою-өрнегі салынған сөмке ерекше көз тартады. Автор мұны жасаудың жолдарын да қарапайым түсіндіре өткен. “Алдымен біз сөмкеге арналған бөлшектерді пішіп,, […]

Толығырақ
Кезекті үміткер – тұмар жасаушы Жібек
Байқаулар, Шебердің қолы ортақ

Кезекті үміткер – тұмар жасаушы Жібек

“Шебердің қолы ортақ” байқауына Қостанай ауданы Заречный ауылының 37 жастағы тұрғыны Жібек Серікбайқызы Бегайдарова қатысып отыр. Ол бойтұмар жасаудың қас шебері. Байқауға ұсынып отырған «Жеті қазына», «Жеті ата» аталатын еңбектерін өзі сәндік, зергерлік бұйымдар қатарына жатқызып қоймай, ұлт дәстүрін насихаттаудың құралы санайды. Ендеше үміткеріміздің шеберлігіне зер салып, бірге бағалап көрейік.  

Толығырақ
Ибагүл – киіз картиналар шебері
Байқаулар, Шебердің қолы ортақ

Ибагүл – киіз картиналар шебері

“Шебердің қолы ортақ” байқауының кезекті қатысушысы – Ибагүл Барсақбаева. 61 жастағы шебер Қостанай қаласында тұрады. Ол киізден сәнді картиналар жасайды. Бұл өнерді игергеніне көп уақыт өтпесе де, туындылары көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Ибагүл ханым әуелден-ақ сурет өнеріне бейім екен.

Толығырақ