Ибагүл – киіз картиналар шебері

Ибагүл – киіз картиналар шебері

“Шебердің қолы ортақ” байқауының кезекті қатысушысы – Ибагүл Барсақбаева. 61 жастағы шебер Қостанай қаласында тұрады. Ол киізден сәнді картиналар жасайды. Бұл өнерді игергеніне көп уақыт өтпесе де, туындылары көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Ибагүл ханым әуелден-ақ сурет өнеріне бейім екен.

Біздің байқауға қатыса отырып, тек дайын бұйымдарын ұсынып қана қоймай, киіз картиналардың жасалу жолдарын баяндап беріпті. Өзінің айтуынша, бұл жұмысқа су, кір сабын, жүн және оқтау ғана қажет. Ол бес ай ішінде жүннен сегіз картина тоқып шыққан. Ал қазіргі таңда “Менің жүрегім” атты картинаны жасау жолында еңбектеніп жатыр.

 

Жаңалықтармен бөлісу