Бүгін елімізде тұңғыш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдерді халық өздері таңдайды. Өңіріміз бойынша жұмыстарын бастаған барлық 194 сайлау учаскесінде әнұран ойнады.
Қарабалық та сақадай сай
Қарабалық ауданының тұрғындары алғаш рет аудан әкімін сайламақ. 5 қарашадағы сайлау күгі өңірде 54 учаске жұмыс істейтін болады. Бүгінде ауданда 16 мың 883 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде 120 адам тұңғыш рет дауыс бергелі отыр. Халық алдағы науқанға қаншалықты әзір, оны алдағы сайлау нәтижесі көрсетпек.
Федоров ауданында әзірлік қалай?
Алдағы жексенбіде тұңғыш рет қала және аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл халықтың еркін таңдауы арқылы аймақтың дамуына үлес қосатын зор мүмкіндік болмақ. Оның қатарында Федоров ауданы да бар. Пилоттық режимде тұңғыш рет өтетін сайлау барысы қалай?
Учаске дайын, тұрғындар хабардар
Денисов тұрғындары да алғаш рет аудан әкімін сайлағалы отыр. 5 қараша күні 28 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бүгінде осы өңірде 11 мың сайлаушы тіркелген. Халық алдағы науқанда қаншалықты белсенділік танытады, оны сайлау нәтижесінен көретін боламыз.
СЕЙДАХМЕТОВ БОЛАТ ҚАСЫМЖАНҰЛЫ – Алтынсарин ауданы әкіміне үміткер
Мен 1965 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Семиозерный ауданы, Шолақ-Терек ауылында дүниеге келдім. Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша жоғары білімім бар.
ОРАЗБАЕВ ГАЙСАР ӘДІЛХАНҰЛЫ – Алтынсарин ауданы әкіміне үміткер
Мен 1978 жылы 7 қарашада Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Степняк ауылында дүниеге келдім. Психология және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар.
Сайлауға сақадай сай
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырған еді. Еліміздің 45 өңірінде саяси науқанға дайындық жүріп жатыр.
Қарабалық ауданында әкімдер сайлауына үш кандидат ұсынылды
Қарабалық ауданы әкімдігінің ресми сайтында алдағы әкімдер сайлауына кандидаттарды тіркеудің қорытынды ақпараты жарияланды.
Федоров ауданы әкімдер сайлауына төрт кандидат тіркеді
Федоров ауданының әкімінің ресми сайтында алдағы әкімдер сайлауына кандидаттарды ұсыну қорытындылыры туралы ақпарат пайда болды.
Денисов ауданында үш кандидат әкімдер сайлауына тіркелді
Денисов ауданы әкімінің ресми сайтында кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат пайда болды.