2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотині бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиковпен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті әшкерледі.
Такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан
Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етеді, оны басқа елді мекенге жеткізуді бұйырады. Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, олардың назарын аудару үшін әдейі соқтығысады.
Полицияға шабуыл жасаған кеншілер қаласының тұрғыны екі жылға сотталды
Полиция қызметкеріне қасақана шабуыл жасаған рудныйлық тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жаңа жыл кешіндегі төбелес: жеткіншек қаза тапты
Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылында оқыс жағдай болды. Жасөспірімдер төбелесінен бір жеткіншек көз жұмды.
Полицейлер жоғалған қымбат телефонды иесіне қайтарды
Қостанайдың “ЦУМ” сауда үйінде жұмыс істеп жүрген 34 жастағы тұрғын көрші бутикке кіріп бара жатып, телефонын сөреде қалдырып кеткен. Біраз уақыттан кейін ол смартфон орнында болмаған.
Полицейлер мыңға жуық ақбөкен мүйізін тасымалдаған адамды қолға түсірді
“Ақбөкен” жедел алдын-алу шарасы шеңберінде ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Екатеринбург-Алматы” республикалық автожолындағы Қостанай қаласынан шыға берісте, Toyota Alphard маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жүксалғыштан үш жол сөмкесі табылды.
Өңірде жемқорлық тыйылмай тұр
Облысымыздың білім беру саласында жемқорлық анықталды. Штат бірліктерінің санын көбейту, жалақыны бірнеше шотқа аудару, артық төлемдер, педагогтерге сыйақы төлеу сияқты деректер тіркелді.
Аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады
Қостанай облыстық соты Қайыржан Әлімбайдың аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады. Судья Мадина Саламатова Қостанай аудандық сотының шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Интернет алаяқтық Арқалыққа да жетті
Интернет – ақпарат алмасудың ең үлкен құралы. Алайда, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстар да қарқын алуда.
Кафедегі жанжал: Полиция екі қылмыстық іс қозғады
Қостанайдағы ойын-сауық орындарының бірінде келуші мен «пульттік» күзет қызметкерінің арасында жанжал болғаны туралы тәртіп сақшыларына хабарлама келіп түсті. Іс жүргізу барысында кешкі сағат 9 шамасында аталған мекемеге жеті адамның келгенін және олардың үшеуі мас күйінде болғаны анықталды.