Полицияға шабуыл жасаған кеншілер қаласының тұрғыны екі жылға сотталды

Полицияға шабуыл жасаған кеншілер қаласының тұрғыны екі жылға сотталды

Полиция қызметкеріне қасақана шабуыл жасаған  рудныйлық тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсанда Рудный қаласында “Тойота” жүргізушісі “Мүгедектерге арналған тұраққа” көлігін қойған болатын. Бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады.

Соңғысы агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей жерге сүйреп,  қашып кеткен еді.

Жаңалықтармен бөлісу